ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МӘЖІЛІС
06.01.2025 жыл Білім беру бағдарламаларын әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің басшысы п.ғ.к., аға оқытушы З.М.Оралова оқу әдістемелік мәжілісі өтті. Онда әр факультеттің, кафедралардың оқу әдістемелік кеңесіне жауапты оқытушылар қатысты. Мұнда ІІ жартыжылдықта өтетін оқу әдістемелік кешендер мен І қосымшалар талқыланды. Оқу әдебиеттері қарастырылды.
"Математика және информатика" ғ.м., аға оқытушысы М.Б.Динасилова
Құттықтаймыз!
Жұмабек Тәшенев университетінің Стратегиялық даму және ғылым жөніндегі проректоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор м.а. Арзымбетова Шолпан Жақсылыққызы “Болашақ” бағдарламасының жеңімпазы атанды!
Шолпан Жақсылыққызы Германиядағы Констрактер Бремен университетінде 2025 жылдың 1 наурызынан 2026 жылдың 28 ақпанына дейін бір жылға ғылыми тағылымдамадан өтетін болады.
«Нүкте қозғалыстарын классификациялау» ашық сабақ
«Ж.А.Тәшенев атындағы университеті» АҚ «Педагогика және жаратылыстану ғылымдары» факультеті, «Математика және информатика» кафедрасының доценті, т.ғ.к. С.А.Жолдасовтың 6В01501-«Математика мұғалімдерін даярлау» БББ ЕП-21-12к студенттеріне «Теориялық механика» пәнінен «Нүкте қозғалыстарын классификациялау. Қатты дененің кинематикасы» атты ашық сабақ өтті. 26.12.2024жыл сағат 14:30 аудитория 204В дәрісханада (Гагарин көшесі 22а) өткізді.
Біздің жұлдызды оқытушыларды құттықтаймыз!
2024 жылғы 25 желтоқсанда Университеттің Ташенов атындағы Ғылыми кеңесінде кафедраның құрметті оқытушылары Ж.Н. Ботабаева, Ш.Н. Ергешбаева, Г.М. Кемелова, Г.Р. Жұмабаева, Г.А. ғылым мен білім беруді дамыту.
Бұл медальдар - олардың кәсібилігін мойындаудың, студенттерге деген шабыт пен қамқорлықтың символы. Олардың күш-жігерінің арқасында біздің білім алушылар тек білім ғана емес, сонымен қатар өз ісіне деген сүйіспеншілікпен қалай жұмыс істеуге болатындығы туралы мысал да алады.
Қонақ онлайн-дәріс
2024 жылғы 24 желтоқсанда Жұмабек Тәшенев атындағы Университетте Ресейдің Г.В. Плеханов атындағы экономикалық университетінің шетел тілдері №1 кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Наталья Юрьевна Фоминых магистратура және бакалавриат студенттеріне арналған «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасы бойынша қонақ онлайн-дәріс өткізді.
Профессор Н.Ю. Фоминыхтың қонақ дәрісі «Шетел тілдерін оқытуда нейрожелілерді пайдалану» атты өзекті тақырыпқа арналды.
«Тиімді түйіндеме» атты семинар
Университетімізде 2024 жылдың 24-желтоқсаны күні «Тиімді түйіндеме» тақырыбында семинар өтті. Бұл іс-шарада студенттер мен түлектерге жұмысқа орналасуға тиімді түйіндеме жасау жолдарын, еңбек нарығында өз орнын табуға көмектесетін маңызды білім мен дағдыларды меңгеруге мүмкіндік беру.
Семинардың басты мақсаты — қатысушыларға тиімді түйіндеме құрудың маңызды аспектілерін түсіндіру, түйіндеменің құрылымы, қажетті ақпаратты дұрыс орналастыру, сондай-ақ жұмыс берушілердің назарын аударатын ерекше басым тұстары туралы кеңестер беру.
«Қаржыландыру конкурсына өтінімдер беру туралы» ғылыми-әдістемелік семинар
Жұмабек Ахметұлы Тәшенев университетінде 2024 жылдың 23 желтоқсан күні “Қаржыландыру конкурсына өтінімдер беру туралы ғылыми-әдістемелік семинар” өтті. Семинарды Академиялық мәселелер туралы жөніндегі департамент директоры Оралбекова Алия Құрбанқызы жүргізді. Сонымен қатар семинарда жас ғалымдардарға ғылыми бағыттар бойынша 2025-2027 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру конкурсына өтінім жіберілу түсіндірілді.
Аталған семинарға факультет декандары, кафедра меңгерушілері, жас ғалымдар және магистранттар қатысты.
Құттықтаймыз!
"Ж.А.Тәшенев атындағы университет" АҚ «Тарих және география» кафедрасының студенттері 21 желтоқсан күні Астана қаласында өткен «ТМД ҮЗДІК СТУДЕНТІ» атты халықаралық байқауының «Тарих» бағыты бойынша жеңімпаздары атанды. Атап айтқанда ЕП-22-2к тобының студенті Жүнісбек Еркебұлан, ЕП-23-2к тобының студенттері Елемес Патшайым, Аманжол Жаннұр, ЕП-23-4к тобының студенті Сайрамбай Альбина Ғылыми жетекшілері: Апашева Сабира Нұрбайқызы, аға оқытушы Таубаев Сейтхан Сазаханұлы
Халықаралық зерттеу байқауына қатысу
Ж.А.Тәшенев атындағы университеті Педагогика және Жаратылыстану ғылымдар факультеті, «Педагогика және бастауышта оқыту әдістемесі» кафедрасының профессорлары Қ.Молдабек пен Р.И.Кенжебекова және кафедра меңгерушісі Г.А.Жапбаровалардың жетекшіліктерімен МПиК 23-5к 2 Курс және МПиК 24-5к 1 Курс магистранттары 2024 жылдың 20 желтоқсанда Астана қаласында "Үздік жас ғалым" ғылыми-педагогикалық мекемелері арасындағы халықаралық зерттеу байқауында қатысып, төсбелгісімен және I дәрежелі дипломмен марапатталды.
1. Грант иегері магистрант Тоқтамуротова Әйгерім Нұрғали қызы
Білім грантына конкурс жарияланады
ҚҰРМЕТТІ 1 КУРС СТУДЕНТТЕРІ!
СІЗДЕРДІ, АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ЖҮРГІЗІЛ ETIH, ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ IT ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА БАҒЫТТАРЫ БОЙЫНША БІЛІМ АЛУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕТІН «ТАШЕНЕВ ТАРТУЫ» ГРАНТЫ БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ.