
Спорт
«Сырдария» университеті, 6В01401-Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламасына қарасты «Нұр-Дәулет» және «Назар» ашық спорт алаңдары жұмыс жасайды. «Нұр-Дәулет» ашық спорт алаңы 2008 жылы қолданысқа берілген. Аумағы 645 м2. Спорт алаңы Волейбол, Гандбол, Баскетбол, Футзал спорт түрлеріне арналған және қасында фитнес орталығымен жасақталған. «Назар» ашық спорт алаңы 2012 пайдалануға берілген. Кіші футбол спорт түріне арналған. Жанында командалар дайындық бөлмесі, душпен жасақталған. Аумағы 690 м2. Ашық спорт алаңдарынан бөлек кафедрада жабық спорт залы, тренжер залы және күрес залы жұмыс жасайды. Спорт залы волейбол, баскетбол, гандбол және де түрлі жылжымалы ойындарға арналған. Аумағы 515 м2. Тренжер залында студенттер гимнастикалық, ауыр атлетикалық және йога жаттығуларымен айналысады. Аумағы 86 м2. Күрес залында Еркін күрес, Қазақ күресі және Спорттық күрес түрлерінен сабақтар және спорттық секциялар жүргізіледі. Аумағы 84 м2. Барлық спорттық құрылыстар санитарлық талаптарға жауап береді.
Жалпы білім беру бағдарламасы бойынша 7 спорт секциясы жұмыс жасайды, олар:
- Волейбол;
- Баскебол;
- Футбол;
- Бокс;
- Қазақ күресі;
- Еркін күрес;
- Стол теннисі.