Профессиональное мастерство будущих педагогов: состоялся открытый урок С.Н. Нематходжаевой
2026-04-24
2026 жылдың 24 сәуірінде Иляева корпусының 304-аудиториясында «Өзбек әдебиетін оқыту әдістемесі» пәнінен Фи-24-3к тобына арналған маңызды ашық практикалық сабақ ұйымдастырылды. Сабақты кафедраның білікті оқытушысы, магистр С.Н. Нематходжаева «Дарс режаси. Дарсни режалаштириш ва ўқитувчи томонидан уни тайёрлаш босқичлари» (Сабақ жоспары. Сабақты жоспарлау және мұғалімнің оған дайындық кезеңдері) тақырыбында жоғары деңгейде өткізді.
Ашық сабақтың негізгі мақсаты – болашақ мамандарға өзбек әдебиеті сабағының жоспарын құруды, оны жүйелі ретпен жоспарлауды және мұғалімнің сабаққа дайындық кезеңдерін әдістемелік тұрғыдан дұрыс ұйымдастыруын үйрету болып табылады. Сабақ барысында болашақ мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған заманауи интерактивті әдістер, жағдаяттық тапсырмалар мен модельдеу (сабақ жоспарының жобасын жасау) жұмыстары сәтті қолнылды.
Іс-шараға қатысқан әріптестер мен университет басшылығы сабақ сапасына жоғары баға берді:
· Ш.Н. Ергешбаева (Орыс және өзбек тілдері кафедрасының меңгерушісі): «Сабақ жоғары әдістемелік деңгейде өтті. Таңдалған тақырып студенттердің болашақ педагог ретіндегі кәсіби біліктілігін қалыптастыру үшін өте өзекті. Оқытушы аудиторияны өзіне баурап алып, болашақ мұғалімдерге сабақ жоспарлаудың қыр-сырын өте жақсы түсіндірді, уақытты тиімді бөлді».
· Ж.Н. Ботабаева (Институт директоры): «Иляева корпусының 304-аудиториясындағы техникалық мүмкіндіктер мен көрнекі құралдар, әдістемелік нұсқаулықтар өте орынды пайдаланылды. Фи-24-3к тобы студенттерінің теориялық білімдерін практикада қолдану дағдылары жақсы деңгейде қалыптасқаны байқалады. Сабақты «өте жақсы» деп бағалаймын».
· А.Т. Кемел (Оқытушы): «Әріптесіміздің сабақ өту мәнері, болашақ мұғалімдерге сабақ жоспарлау кезеңдерін ұтымды түсіндіруі және қолданған практикалық тапсырмалары бізге де әдістемелік тұрғыдан жақсы үлгі болды. Студенттер берілген тапсырмаларды қызығушылықпен орындады».
Студенттердің жоғары белсенділігі мен тақырыпты теңдессіз меңгеруінің арқасында ашық сабақ алға қойған барлық мақсаттарына толық қол жеткізді.

