Мен Туымды мақтан етемін! Я горжусь своим Флагом!
Мен Туымды мақтан етемін!
Я горжусь своим Флагом!
Көк аспандай көкпеңбек
Қазақстан жалаыу.
Көк емес ол тектен-тек –
Елдің ашық қабағы.
Ақ ниеті – алтын күн,
Асқақ арман – қыраны,
Жалауы бұл – Халқымның мәртебесі, туы, ары.
Сұлтан Қалиев
Студенттер үшін жаңа әдебиеттер
«Сырдария» университетінің кітапханасы «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Педагогика және психология», «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», «Дизайн», «Экономика», «Кітапхана ісі» білім беру бағдарламалары бойынша жаңа әдебиеттермен толықтырылды.
Тәрбие жұмысын жандандырудың жаңа кезеңі
Қашықтықтан оқыту форматы кезінде тәрбие жұмыстары жаңа бағытта жүргізілуі шарт.
Бұл тақырып 22 қазан күні Тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор Л.У. Абенова мен Жастар бөлімінің басшысы М. Бектемістің ұйымдастыруымен өткен Тәлімгерлердің онлайн кездесуінде қозғалды.
Кездесуге оқу ордамыздың факультет декандары, кафедра меңгерушілері, тәлімгерлер қатысты.
Тәрбие үдерісін жүргізуде барлық тәлімгерлер ерекше белсенді болуы қажет.
"Шоқтығы биік - Бөрі Иса"
2020 жылдың 23 қазан күні сағат 11:00-де аты аңызға айналған күйші, Мәдениет қайраткері Б. Исамен сұқбат өтеді.
Сұқбатты Инстаграм желісіндегі @syrdariyaunion парақшасынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар.
Бұл өте қызықты болады!
Қош келдіңіз!
Француз тілі студенттеріне арналған ашық онлайн сабақ
21 қазан күні 5В011900 - «Шетел тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламасы бойынша ШТ-18 тобының үшінші курс студенттерімен «Passй composй» тақырыбында «Екінші шетел тілінің практикалық курсы (A1, A2 деңгейлері)» тақырыбында ашық онлайн сабақ өткізілді.
Сабақты «Шетел тілдері» кафедрасының оқытушысы Даулет Г.М.
Ашық сабақтарын материадары: https://cloud.mail.ru/public/3pXY/2mrPisAuq
Бейнематериалдары: https://youtu.be/L_pOpoK46zI
SU Talks: Жастар және XXI ғасырдағы білім
SU Talks - бұл әр түрлі салада өзін дамытуға, сондай-ақ мотивация мен рухани серпіліс алуға мүмкіндік беретін жоба.
21 қазан күні ZOOM платформасы арқылы, онлайн форматта "Жастар және XXI ғасырдағы білім" тақырыбында кездесу өтті.
Спикер "XXI ғасыр педагогы" Республикалық байқауының жүлдегері Нұржан Сапарханұлы.
Өзінің білім мен ғылым жолындағы тәжірибесін ескере отырып, қазіргі дәуірдегі жастардың рөлі туралы өз ойымен бөлісті.
"Сырдария" университеті тәлімгерлерінің онлайн кездесуі
2020 жылдың 22 қазан күні сағат 11:00-де ZOOM платформасы арқылы, оқу ордамыздың тәлімгерлерінің онлайн форматтағы кездесуі өтеді.
Басты тақырып, 2020-2021 оқу жылындағы университеттегі тәрбие жұмыстарын жандандыру мәселелері талқыланады.
Кездесуге факультет декандары, тәлімгерлер, кафедра меңгерушілері қатысады.
Онлайн кездесу Zoom бағдарламасымен өтеді.
Идентификатор: 375 174 0323, пароль: 878787.
Ағылшын тілінің оқытушыларын «Teaching and Learning Online in Tertiary» тегін вебинар тренингіне шақырамыз.
2020 жылдың 27 қазанында “InterPress Distribution” ЖШС-нің әдістемелік және консультациялық бөлімі Oxford University Press баспасының қолдауымен Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарындағы ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған «Teaching and Learning Online in Tertiary» атты тегін әдістемелік онлайн-веб-тренинг ұйымдастырады.
Вебинар-тренинг екі сессиядан тұрады (әр сессияға 60 минут).
Вебинардың уақыты - 16.00-ден 18.00-ге дейін.
«SU Talks: Жастар және XXI ғасырдағы білім» еркін пікір алаңы
Сіздерді көптен күткен жаңалықпен қуантуға асықпыз, жақында, дәлірек айтсақ, 21 қазанда, осы сәрсенбіде біздің алғашқы толыққанды SU Talks іс-шарасы өтеді!
SU Talks - бұл әр түрлі салада жетістікке жеткен адамдар туралы білуге, әр түрлі салада өзін дамытуға, сондай-ақ мотивация мен рухани серпіліс алуға мүмкіндік беретін жоба.