«My University» ашық сабақ

«Ағылшын тілі» кафедрасының магистр-оқытушысы Э.П. Арысбаева шет тілі пәнінен ФК-24-1К9 тобымен «My University» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Ашық сабаққа кафедра меңгерушісі, кафедра оқытушылары және оқу бөлімі қызметкерлері қатысты. Сабақ жоғары әдістемелік деңгейде ұйымдастырылып, интерактивті оқыту әдістері тиімді қолданылды. Атап айтқанда, Kahoot платформасындағы викториналық ойын, жұптық және топтық жұмыс түрлері, рөлдік ойындар, сондай-ақ визуалды көрнекіліктер сабақтың мазмұнын тереңірек ашуға мүмкіндік берді.
Сабақ барысында студенттер университет өміріне қатысты жаңа лексиканы меңгеріп, Present Simple грамматикалық шағын ауызша және жазбаша түрде орынды қолдана білді. Олар өз университеті туралы сөйлемдер құрастырып, диалогтар жүргізіп, белсенділік танытты. Сабақта студенттердің қызығушылығы жоғары болып, пәнге деген ынтасы мен шет тілін үйренуге деген талпынысы айқын байқалды.
Жалпы, ашық сабақ оқыту мақсатына толық жетіп, студенттердің тілдік дағдыларын дамытуға және коммуникативтік қабілеттерін арттыруға ықпал етті.                                                                                                    
 

Оқиға категориялары