ТӘШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІ EDTECH-ЖОБАНЫ ӨЗ ҚАРЖЫСЫ ЕСЕБІНЕН БАСТАМА ЕТІП ІСКЕ ҚОСУДА!

Ж.А. Тәшенев атындағы университеті жаңа білім беру жобасын қолға алды:

«Цифрлық технологияларды қолдана отырып, әртүрлі деңгейдегі шет тіліндегі тыңдау дағдыларын дамыту»

«Цифрлық құралдар тек көмекші емес — олар тілді қабылдау жүйесін өзгертеді»
— ФазилаАртықбаева, PhD, ағылшын тілі кафедрасының меңгерушісі, жоба жетекшісі

Неліктен бұл маңызды?
Қазіргі студенттердің ағылшын тілі деңгейі әртүрлі. Дәстүрлі тәсілдер мұндай әртүрлілікті ескеруге әрдайым қауқарсыз. Ал тыңдау — шет тілін еркін меңгерудің негізгі дағдысы. Бұл бағытта цифрлық технологиялар үлкен мүмкіндік береді.

 Жоба аясында не жасалады?

  •  Бастапқыдан жоғары деңгейге дейінгі тыңдау модульдерін жасау
  •  Интерактивті платформалар мен онлайн жаттықтырғыштарды пайдалану
  •  Тыңдалған мәтінді түсінуді бағалаудың икемді тәсілдері
  •  Оқытушыларға арналған әдістемелік нұсқаулықтар
  •  Заманауи форматтар арқылы студент мотивациясын арттыру

 Жүзеге асыру мерзімі: 2025–2027 жж.
 Қаржыландыру: жоба университеттің жеке қаражаты есебінен іске асырылуда
 Авторлар:
— Артықбаева Ф.И. — PhD, ағылшын тілі кафедрасының меңгерушісі
— Турсунова Г.И. — аға оқытушы

 Бұл жобаның ерекшелігі неде?
Бұл — университеттің білім сапасын арттыруға өз бастамасымен инвестиция салуының жарқын үлгісі. Жоба нәтижесінде басқа ЖОО-ларға бейімдеуге болатын тиімді цифрлық модель қалыптасады.

 Жобаның барысын бақылап отырыңыз — болашақ білімі осында басталады!
 

Оқиға категориялары