Семинар – тренинг “Кәсіпкерлік негіздері және жастарды кәсіпкерлікке баулу”
background

Семинар – тренинг “Кәсіпкерлік негіздері және жастарды кәсіпкерлікке баулу”

2021-12-02

Медиатека / Жаңалықтар / Семинар – тренинг “Кәсіпкерлік негіздері және жастарды кәсіпкерлікке баулу”

3-4 курс студенттеріне арналған “Кәсіпкерлік негіздері және жастарды кәсіпкерлікке баулу” атты семинар өтті.

Мақсаты:

- ауданда мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру;

- жастарды кәсіпкерлікке тарту;

- жастарға арналған мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру.

Семинарға “Жетісай ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы” КММ-нің Жаппай кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің басшысы Манкараев Н.С., "Жетісай ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы” КММ-нің Жаппай кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің маманы Үсен К.Ж., Жетісай ауданы кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Бозаев Н., "Turkistan" кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының КММ - нің менеджері Дінтаев Н. қатысты.

Ұйымдастырушылар: Жетісай ауданы ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығы, "Сырдария" университетінің Жастармен жұмыс атқару бөлімі мен Кәсіби бағдар және жұмыспен қамту бөлімі.

Талқылау, сұрақ-жауап түрінде өткен семинарда жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар туралы студенттер толық мәлімет алады.