
Онлайн-семинар "Білім ордасы – бақыт мекені"
2021-04-05
«ФИЛОЛОГИЯ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ» ФАКУЛЬТЕТІНДЕГІ ЖАҚЫН ШЕТЕЛДІК СТУДЕНТТЕРМЕН ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ
«БІЛІМ ОРДАСЫ – БАҚЫТ МЕКЕНІ» ОНЛАЙН-«БІЛІМ ОРДАСЫ – БАҚЫТ МЕКЕНІ» ОНЛАЙН-СЕМИНАР БАҒДАРЛАМАСЫ
Өткізілу уақыты: сағат 11: 00, 06.04.2021ж, ZOOM бағдарламасында
Ұйымдастырушы «Педагогика және психология» кафедрасы.
Онлайн-семинардың мақсаты: «Филология және гуманитарлық білім беру» факультетінде 218- білім алып жатқан жақын шетелдік, 1-курста оқитын студенттеріміздің білім ортасына бейімделуі мен топтағы қатынасын нығайту және болашақ талапкерге насихаттау мен кәсіби бағдар беру.
Шетелдік білім алушылардың білім-ғылымға қызығушылығын арттыра отырып, өзара бірін-бірі түсіну мен қолдау көрсету барысының тиімді жолдарын көрсету, ортаға бейімделудің нәтижелілігімен бөлісу.
Онлайн-семинардың міндеттері:
➢ Шетелдік студенттердің білімге қызығушылығын арттыру;
➢ Студенттердің ғылымға деген көзқарасын жақсарту;
➢ Топтағы студенттердің өзара қарым-қатынасын жақсарту;
➢ Ортаға бейімделудің нәтижелі жолдарымен танысу;
➢ Топтағы студенттердің белсенді жұмыс жасауға, бір-біріне көмектесуге бағыт беру.
➢ Қиыншылықты жеңуге ынталандыру.
➢БББ болашақ талапкерге насихаттау мен кәсіби бағдар беру.