
Қош келдің, Әз-Наурыз
2022-03-18
Медиатека / Жаңалықтар / Қош келдің, Әз-Наурыз
Бүгін университетіміздің, «Гуманитарлық ғылымдар және заң» факультеті, «Ағылшын тілі» кафедрасында «Қош келдің Әз-Наурыз» атты мерекелік іс-шара өтілді. «Шетел тілі: екі шетел тілі мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасының 1,2 жәнә 3-курс студенттері іс-шараның көңілді өтуіне белсенді түрде қатысты. Іс-шарада ән айтылып, күй тартылып, қыздар мың бұралып би билеп және қазақтың ұлттық тағамдарымен көмкерілген мерекелік дастархан жайылды. Іс-шараны, университетіміздің профессор-оқытушылар құрамы сөз сөйлеп, барша қазақ халқын мерекемен құттықтап, сонымен қатар студенттерге ерекше алғысын білдіріп қортындылады!