«Психологиялық-педагогикалық диагностика» ашық сабақ
background

«Психологиялық-педагогикалық диагностика» ашық сабақ

2022-03-03

Медиатека / Жаңалықтар / «Психологиялық-педагогикалық диагностика» ашық сабақ

"Гуманитарлық ғылымдар және заң" факультеті "Білім беру технологиялары" кафедрасының оқытушысы, п.ғ.м. Мазанбекова Меруерт Ержановна "Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі" білім беру бағдарламасы бойынша оқитын 1-курс студенттеріне "Психологиялық-педагогикалық диагностика" пәнінен ашық сабақ отті.

Сабақтың тақырыбы: Жеткіншек жас кезеңінде жүргізілетін психодиагностика

Сабақтың мақсаты: Студенттер меңгеру мақсатында жеткіншектердің тұлғалық, жеке басының дамуын түсіне алу қабілетін қалыптастыру диагностикасы туралы мәлімет беру.

Тәжірибелік сабақ үстінде жұптық, топтық, «Сын тұрғысынан ойлау» әдісі, кері байланыс, «Көшбасшы » әдісі және «Кроссворд» әдісі қолданылды.

Студенттер тәжірибелік сабақта психологиялық жаттығулар орындап, аталған нұсқаулықтар бойынша жұмыс жасады.