СЕМИНАР «Ж.А.Тәшенев атындағы университет» АҚ «Өнер және гуманитарлық білім беру» факультеті «Гуманитарлық ғылымдар» кафедрасы
2026-04-07
2.04.2026 ж. Сағат 10:00 де Жұмабек Ахметұлы Ташенев атындағы университет аға оқытушысы Сапарова Н.Т., ғылым магистры, оқытушы Момынқұл Н.М. “Шымкент қалалық музейлер бірлестігі” МКҚК-ның “Шым қала” тарихи-мәдени кешені бөлімінің экскурсия жетекшісі Смайлова Айдана Асанханқызының қатысуымен өткен семинар жастар үшін өлкетану тұрғысынан өте пайдалы болғаны анық.
🏛️ Семинар тақырыбы: «Тарих қойнауындағы Шымкент»
📍Қатысушылар: ЕП-25-2к, ЕП-25-3к топтарының студенттері.
📍Мақсаты: Шымкент қаласының 2200 жылдық тарихын, көне цитадельдің маңызын және өңірдегі мәдени мұраларды жастар арасында насихаттау.
📝 Семинардың барысы:
Семинар барысында Айдана Асанханқызы студенттерге келесі маңызды бағыттар бойынша ақпарат берді:
📌«Шым қала» кешенінің маңызы: Көне қалашықтың археологиялық зерттелуі мен реставрация жұмыстары туралы деректер.
📌Жібек жолындағы орны: Шымкенттің орта ғасырлардағы сауда және стратегиялық маңызы.
📌Экспонаттар сыры: Музей қорындағы бірегей жәдігерлердің тарихы.
> «Тарихты тану — өз тамырыңды құрметтеуден басталады. «Шым қала» — тек туристік нысан емес, бұл біздің бабаларымыздан қалған асыл мұра,» — деп атап өтті спикер.
✅ Нәтиже:
Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, қала тарихына жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік алды. Мұндай кездесулер жастардың патриоттық сезімін оятып, туған жердің өткеніне деген қызығушылығын арттырады.




