Нугманова Гулноза Бахрамхожаевна

Мен  Нугманова Гулноза Бахрамхожаевна  Шымкент қаласында орналасқан  "Ташенов университеті  "орыс тілі мен әдебиеті" мамандығын 2023 жылы "үздік дипломмен" аяқтадым.
Сондай оқу ордасынан білім алғаныма қуаныштымын.
Қазір өзіміздегі " Әлкей  Марғұлан" атындағы мектепте "орыс тілі мен әдебиеті " пәнінен сабақ беріп жатырмын.
 

Тузелова Гульнара Мирсадиковна

Я, Тузелова Гульнара Мирсадиковна, учитель русского языка и литературы в 2023г. окончила университет Ж. А. Ташенева по специальности учитель русского языка и литературы. Я признательна ВУЗу и всему преподавательскому составу за множество фундаментальных знаний и  полезных навыков. А также за воспитание во мне творческой и интеллектуальной личности. Желаю его коллективу успешной реализации инновационных проектов. Пусть позиции университета в престижных мировых и отечественных рейтингах постоянно улучшаются! Новых прогрессивных идей и научных открытий!

Академиялық ұтқырлық

ПОҚ академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Низами және Ташенев университеті Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетінің басшылығы мен қызметкерлерін жылы қабылдау өтті, нәтижесінде ОБ бойынша сабақтар өткізу жоспары және бірқатар бірлескен іс-шаралар жүзеге асырылды. Сондай-ақ декан Ж. Н. Ботабаева және академиялық ұтқырлық жетекшісі Ш. Ж. Наралиева академиялық ұтқырлық шеңберінде оқудан өтіп жатқан студенттерімізбен кездесу өткізді.  Ф.ғ. к. Ботабаева Ж. Н.

Қуанышты жаңалық!

Химия және биология кафедрасы ғылымға құштар студенттерімен мақтанады! Болашақтарынан үміт күтетін, 6В05101-Биология білім беру бағдарламасының білім алушылары
1. Үсенқызы Жанна. Жетекшісі: Муминова Ш. С. 
2. Куштаева Фарангизбону. Жетекшісі: Козыкеева Р. А. 

«Түркі халықтарының үздік студенті» атанып І-ші дәрежелі дипломмен марапатталды. 
Қазақстан, Өзбекістан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия мемлекеттерінің студенттері қатысқан республикалық байқауда топ жарып жүлделі орын алды. 
Білімді жастарымыз көп болсын! 

"Ұлы тұлға Ж.А.Тәшеневтің өмірі мен қоғамдық-саяси қызметін оқыту" семинар сабақ

Қараша айының 14-і күні "Қазақ тілі мен әдебиеті"кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ.к.Б.Е.Қалыбеков ИЭФ-8к, 9к топтарының студенттеріне "Ұлы тұлға Ж.А.Тәшеневтің өмірі мен қоғамдық-саяси қызметін оқыту" тақырыбында семинар сабақ өтті. Сабақ барысында презентация мен видеосабақ арқылы Ж.А.Тәшеневтің Қазақстанның территориялық тұтастығы үшін қызмет пен шенді тәрк етіп, еліміздің солтүстік облыстарын Ресей құрамына қосудан аман алып қалған жанқиярлық еңбегі, республиканың экономикалық-әлеуметтікщ жағынан дамуына қосқан айрықша үлесі жан-жақты баяндалды.

Сұхбат

Кафедрамыздың меңгерушісі, доктор PhD Муминова Шолпан Самандаровна, а.ш.ғ.к. доцент Юсупов Шамшадин, ЕП-24-7к тобының студенті 
Үсенқызы Жанна Білімді жастарымызды қолдау мақсатында және де жоспарлы Кәсіби бағдар жұмысы бойынша Түркістан қаласы, Түркістан телеарнасының, Жаңа толқын бағдарламасына арнайы шақыртылып, сұхбаттарын берді. 
Білімді жастарымыз көп болсын, студенттеріміз еліміздің білім мен ғылым әлеуетін жоғары көтеретін ғалым болуларына тілектеспіз.
 

«Басқару жұмысындағы уәж және ынталандыру» ашық сабақ

Педагогика және жаратылыстану ғылымдары факультетінде «Педагогика және бастауышты оқыту әдістемесі» кафедрасында 13.11.2024ж п.ғ.к., доцент Қойшыбаева Назира Исакулованың жетекшілігімен Педагогикалық менеджмент пәнінен 3 курс ПИК-22-5к1,2,3,4,5 топтарына «Басқару жұмысындағы уәж және ынталандыру» тақырыбында ашық сабағы болып өтті. 

«Биосинтезге арналған шикізат және олардың биологиялық құндылығы» ашық сабақ

Қатысқандар: Козыкеева Р.А., Джалилов К.А., Биғара Т.С., Курманбай У.К., Абдураимова Н.Ш., Мамытова А.   және 4- курс, ЕП 21-9к оқу тобы.

Күн тәртібінде:

Кафедраның х.ғ.к.,  аға оқытушысы Нарымбаева З.К. 6В01505 - Биология  мұғалімдерін даярлау, 4- курс, ЕП 21-9к оқу тобының “Биотехнология негіздері ” пәнінен ашық сабағын талдау. 

Оқиға категориялары