Профессор-оқытушылар СМЖ семинарына қатысты
Бүгін университеттің профессор-оқытушылар құрамы сапа менеджмент жүйесі бойынша халықаралық стандарттың ISO 9001:2015 жаңа нұсқасының практикалық аспектілерін талқылайтын семинарға қатысты.
Менеджмент жүйесінің бас кеңесшісі Бандуро Анатолий Владимирович бірнеше мәселелерді қамтитын тақырыпта дәріс оқыды. Э.Демингтің "Ұлттың байлығы басқару жүйесі арқылы анықталады" деген ұстанымын басшылыққа ала отырып, әрекеттің негізгі өлшемдері Сіз не істейсіз? Не үшін істейсіз? Оны қалай жүзеге асырасыз? деген сұрақтар төңірегінде анықталатынын атап өтті.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бірыңғай сағаты
Бүгінгі бас қосқан іс-шарада "Құқықбұзушылықтың алдын алу", "Ұлтаралық татулық" және "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу" мәселелері кеңінен талқыланды. Қоғамның дамуына балта шабатын түйіткілдерді тарқатуға ауданнан келген Мақтарал ауданы әкімінің орынбасары Жолдасбеков Мақсат Жанұзақұлы, Есенбеков Абай Пердешұлы, Қалабиев Қуаныш, Бейсенбаев Мұхтар Қасымханұлы, АІІБ ювеналды полиция бөлімінің инспекторы Аубакирова Динара қатысты.
Елбасының 5 әлеуметтік бастамасы талқыланды
Биылғы жылы қабылданған мемлекеттік бағдарламалардың бірі – Президент Н.Ә.Назарбаев жариялаған 5 әлеуметтік бастама. Мемлекет басшысының бағдарламасы жас ізденушілер арасында талқыланды. Жас отан жастар қанатының мүшесі, "Елбасы серіктестері" ұйымының жетекшісі М.Бектеміс әлеуметтік бағдарламаның әр бөліміне тоқталып, өзіндік пікірін білдірді.
Мектеп оқушыларымен пікірсайыс турнирі болып өтті
Бүгін Университеттің "Достық" пікірсайыс клубының жетекшісі, Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының үшінші курс студенті М.Муталиевтың ұйымдастыруымен Мақтаарал ауданы Жетісай қаласындағы "Тұран" мектеп-гимназия" комуналдык мемлекеттік мекемесі оқушыларымен жолдастық кездесу болып өтті. Пікірсайыстың мақсаты – мектеп оқушыларының пікірсайыс алаңындағы сөйлеу мәдениетін, ізденісін, өзіндік ой қорытуы мен сөз саптауын, елдегі орын алып жатқан өзгерістерге деген көзқарасын білдірудегі қабілеттеріне ықпал ету.
Ұлыбританиядан профессор келді
"Сырдария" университетінің сыртқы академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру мақсатына орай Варвик университетінің (Ұлыбритания) аға оқытушысы, PhD доктор Raymond Chatwin "Есеп және аудит", "Қаржы" мамандықтарының 1 курс студенттеріне "Менеджмент" пәні бойынша дәріс оқыды.
Нархоз университетінің менеджері Наталья Радько дәріс оқыды
Ішкі академиялық ұтқырлық мақсатына орай Нархоз университеті Қолданбалы зерттеу институтының менеджері Радько Наталья "Жас ғалымдар" кеңесі мүшелеріне "Оқытушылардың зерттеушілік қызметін қалай дамытуға болады: Нархоз университетінің тәжірибесі бойынша" тақырыбында дәріс оқыды.
Кездесу барысында университетің жас ғалымдарынан ғылымға бастайтын мотивациялар жөнінде сауалдар жолдап, соның нәтижесімен ой бөлісті.
Ішкі академиялық ұтқырлық жұмысы жалғасын табуда
"Сырдария" университеті ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша бірқатар жұмыстар атқарылуда. Соның бір көрінісі Абылай хан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің оқытушысы Перизат Абдуразакованың дәріс оқуға келуі.
Перизат Абдуразакова 5B011900 – "Шетел тілі: екі шетел тілі" мамандығының 3 курс студенттеріне "Шетел тілін арнайы мақсатта оқыту С1 деңгей" пәні бойынша және аталған мамандықтың бірінші курс студенттеріне "Практикалық грамматикадан" дәріс оқыды.
Ғылым докторы дәріс оқыды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Еркибаева Гульфайруз Гиноятовна "Тілдер" кафедрасы, 5B011800 – "Орыс тілі мен әдебиеті" мамандығының 1 курс студенттеріне "Практический курс русского языка", 5В010300 – "Педагогика және психология" мамандығының 3 курс студенттеріне "Педагогиканы оқыту әдістемесі" пәндерінен дәріс оқыды.
Желбіре, Жеңіс жалауы!
Бүгін "Жаратылыстану", "Математика және экономика" факультеттерінің бірлесуімен "7 мамыр – Отан қорғаушылар күні" мен "9 мамыр – Жеңіс күні" мерекесіне орай мерекелік кеш өткізді.
Отан қорғаушылар мен Ұлы Жеңістің 73 жылдығына арналған мерекелік шарада факультет студенттері ерлікке бастаған көріністерді сахналады. Ұлы Отан соғысының батырлары М.Мәметова, Ә.Молдағұлова, Т.Бигелдинов, Х.Доспанова, Б.Момышұлы т.б. жеңіске ұмтылған ерліктері бейнебаян арқылы көрсетіліп, бір минуттық үнсіздікпен еске алынды.
Мектеп бітірушілердің пәнаралық олимпиадасы болып өтті
2018 жылдың 27 сәуірінде "Сырдария" университетінің 20 жылдық мерейтойына арналған дәстүрлі мектеп бітірушілердің аймақтық пәнаралық олимпиадасы болып өтті. Олимпиада дарынды оқушылардың оқу–танымдық қабілеттерін ынталандыру, пәндік білімдерін анықтау, ғылымға деген қызығушылықтарын дамыту мақсатына орай ұйымдастырылды.
700-ге жуық оқушы қатысқан олимпиада 15 бағыт бойынша жүргізілді. Бағдарламаға сәйкес қатысушылар "Қазақстан студенттер сарайында" тіркеліп, ашылу салтанатына қатысты. Әр бағыттың шарттарына сәйкес тапсырмаларды орындады.