Кәсіптік бағдар беру жұмысы

2024 жылдың 17 мамырында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар басқармасының басшысы Сәуле Байзахқызы Ботаева кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу үшін Тараз қаласында болды. Ол облыстық «JAMBYL» телеарнасының «Рауан» таңғы бағдарламасына тікелей эфирде сұхбат берді.