«Кітапханаға кітап сыйла» атты акциясы

Ж.А.Тәшенев университетінің Ақпараттық білім беру орталығында «Кітапханаға кітап сыйла» атты акциясы жалғасуда.  
Университет оқытушы-профессор құрамы кітапхананың кітап қорына үлес қосуда белсенділік танытуда. «Тілдер және әдебиет» кафедрасының меңгерушісі З.Т. Жантасова  прозалық кітабын және оқу құралдарын кітапханаға сыйлады.
 

 

Ж.А.Тәшенев университетінің Ақпараттық білім беру орталығында «Кітапханаға кітап сыйла» атты акциясы негізінде  парасатты қауым, шынайы ниетпен ең бағалы сыйлық ретінде кітап сыйлауға барынша қолдау көрсетде. Ақпараттық технологиялар мен цифрлық кітаптардың дамуына қарамастан, баспа түріндегі кітаптың  рухани құндылық ретінде бағалана беретіндігі айқын. Университет оқытушы-профессор құрамы «Тілдер және әдебиет» кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ.к., А. А. Аккузов  өзі жазған оқу құралдарын кітапхана қорына сыйға тарту етті.