Тарих сағаты

Тарих және география кафедрасының аға оқытушысы Турумбетова Г.А. ұйымдастыруымен XX ғасыр басындағы ірі саяси тұлға, көрнекті қоғам қайраткері, теміржол инженері, тарихшы Мұхамеджан Тынышбаевтың туғанына 145 жыл толуына орай №2 кітапхана бөлімшесі Ж.А.Тәшенов атындағы университетпен бірлесіп «Ғұмырдан да ұзақ жол» атты тарихи сағат ұйымдастырды.
Іс-шараға қатысқан студенттер бүгінде сонау Түрксібтен бастау алған қазақ теміржолы ел экономикасының күре тамырына айналған негізгі салалардың бірі болса, осы үлкен жетістікте қазақтан шыққан тұңғыш инженер М.Тынышбаевтың да зор үлесі бар деп тың деректермен таныстырды.
Қазақ халқының алғашқы инженері, тарихшы-ғалым М.Тынышбаевтың өмірі мен шығармашылығы таныстыру, туған халқына, оның тарихына сіңірген еңбегін дәріптеп, Ұлы адам өмірін үлгі ету арқылы оқушыларды елін, жерін сүйе білуге баулу мақсатында кітапханашы А.Бакирова кітап көрмесімен таныстырды.