Хабарландыру

Құрметті, оқытушы-профессорлар құрамы!

Ж.А.Тәшенев университетінің Ақпараттық білім беру орталығында «Кітапханаға кітап сыйла» атты акция- апталығының басталғанын қуанышпен хабарлаймыз! 
  Аталмыш іс-шараның мақсаты: Ақпараттық технологиялар мен цифрлық кітаптардың дамуына қарамастан, баспа түріндегі кітаптың  рухани құндылық ретінде бағалана беретіндігін айқындау. Кітаптың құдіретiн арттырып, оқуға деген сүйіспеншілікті ояту.
     Кітап – көркем ойдың кепілі. Кiтап – жақсы дос, рухани азық болып қала бермек!  АБО өздеріңізге осы іс-шараны хабарлай отырып аталмыш, ізгі іске белсенділік танытады деген үлкен сенімде! 
   Құрметті, парасатты қауым, шынайы ниетпен ең бағалы сыйлығымыз- кітап сыйлауға барынша қолдау көрсетейік! 

  Іс-шара уақыты :15-мамырдан  22-мамырға дейін жалғасады. 
              Ж.А.Тәшенев университеті АБО