Облыстық деңгейде семинар

Дарын орталығы ұйымдастырған Ж.Қаппаров атындағы №5 мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының іс-тәжірибесімен бөлісу мақсатында «Пән мұғалімдерінің құзіреттілігін арттыру: оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудағы тиімді әдіс-тәсілдер» тақырыбында 25.04.2025 жылы облыстық деңгейде семинар өтті. 
Семинардың жұмысына Кудайбергенова Ш.А. ТО ББДО «Білім мазмұнын талдау және цифровизация» кафедрасының меңгерушісі, Бопиева Г.Т. ТО ББДО әдіскері, Ж.А.Тәшенев атындағы университеті, «Математика және информатика кафедрасының доценті, п.ғ.к. Бердалиева Т.Д., Ж.Қаппаров атындағы №5 мамандандырылған физика-математикалық МИ директоры Ахмедов Ж.Т. т.б. қатысты. Сонымен қатар, семинарға облыстағы 12 мамандандырылған Дарын     ББҰ қатысты.
Физика-математикалық бағытта мектепетің педагог-зерттеушісі «Физика-математика пәндері» әдістемелік  бірлестігінің жетекшісі Исмаилова А.Р. «Физика-математика пәндері бойынша сыртқы бағалау нәтижелерін  көтерудің инновациялық тәсілдемелері» атты баяндама жасады. 
«Математика мен физика пәндерінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудың маңыздылығы» тақырыбына Джуманов С.С.- педагог-шебер, математика пәнінің мұғалімі және Оралбеков Г.Ж.- педагог-зерттеуші, физика  пәнінің мұғалімі; 
«TIMSS халықаралық зерттеуінің жаратылыстану бойынша тапсырмаларының жиынтығын зерделеу» тақырыбына Әлтай Г.Ә.- педагог-шебер, химия пәні мұғалімі және Пияшова Г.А.- педагог-зерттеуші, физика пәні мұғалімі бірігіп шеберлік сынып сабақтарын өтті 
Түскі үзілістен кейін дөңгелек үстел ұйымдастырылды, шеберлік сыныптар мен баяндамалар талқыланып, ұсыныстар айтылды. 
 

Оқиға категориялары