«Ерікті жастар: Таза Қазақстан, таза қоғам»
background

«Ерікті жастар: Таза Қазақстан, таза қоғам»

2026-02-23

Медиатека / Новости / «Ерікті жастар: Таза Қазақстан, таза қоғам»

Еріктілік – жанашырлық пен жауапкершілікті ту еткен жастардың саналы таңдауы. Бүгінде Тәшенев университеті ерікті жастары әлеуметтік, экологиялық, мәдени және қайырымдылық бағыттарда белсенді еңбек етіп, қоғам дамуына өз үлестерін қосып келеді.

Жұмабек Тәшенев университеті студенттері де еріктілік қызметін тұрақты түрде жүргізіп, игі бастамалардың басы-қасында жүр. Олар қайырымдылық шараларына қатысып, қоғамдық жұмыстарға атсалысып, тазалық акцияларын ұйымдастырып, әлеуметтік қолдауды қажет ететін жандарға көмек көрсетуде. Мұндай бастамалар студенттердің ұйымшылдығын арттырып қана қоймай, олардың бойында мейірімділік, жауапкершілік және көшбасшылық қасиеттерін қалыптастырады.

Осы ретте «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында студенттер 2025 жылы 26 қыркүйекте белсенділік танытып, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған сенбілік жұмыстарына қатысты. Алайда бұл шара – еріктілер қызметінің бір ғана бағыты. Негізгі мақсат – қоғамға пайда келтіру, ел дамуына үлес қосу.

Ерікті жастар – ел болашағының тірегі. Олардың жанашырлығы мен белсенділігі қоғамда ізгілік құндылықтарын нығайтып, жауапты әрі саналы ұрпақ қалыптастыруға жол ашады.