ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
Құрметті Жұмабек Ахметұлы Тәшенев университетінің түлектері!
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік
қызметі туралы» Заңының 28-бабы 6-тармағының 5) тармақшасына сәйкес,
оқуды аяқтағаннан кейін бір жыл ішінде жоғары және жоғары оқу орнынан
кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білім беру ұйымдарында уәкілетті орган белгілеген мәннен (GPA 3,33) төмен емес оқу нәтижесімен оқуын бітірген адамдарды мемлекеттік қызметке конкурс өткізілмей қабылдау көзделген.
Осы орайда, мемлекеттік қызметке орналасу мүмкіндіктерін кеңейту және жоғары оқу орындарының түлектерін мемлекеттік қызметке тарту мақсатында «Түлек порталы» өз жұмысын бастады.
Түлектер, Сіздерге мемлекеттік қызметке конкурстан тыс орналасуға мүмкіндік беретін «Түлек порталына»
(https://gpa.eqyzmet.gov.kz/login?sso=not_eligible) сілтемесі арқылы өтіп, тіркелсеңіздер болады.