ХАБАРЛАНДЫРУ!
2026-07-07
ХАБАРЛАНДЫРУ!
Шығармашылық емтихан тапсыратын талапкерлердің назарына!
Шығармашылық емтихан 09.06.2026 күні сағат 09.00 де Шымкент қаласы, Кунаев көшесі 21, 310, 312 аудиторияларда 6В02101-Дизайн, 6В0211-Сән индустриясы, 6В02102- Интерьер дизайны білім беру бағдарламалары үшін өтетінін хабарлаймыз. Ақ көйлек, қара шалбар немесе қара юбкада келулеріңіз міндетті.
1 6В02101-Дизайн, 6В0211-Сән индустриясы білім бағдарламасы бойынша шығармашылық емтихан тапсырушыларға:
Қабылдау емтиханында натурадан натюрморттың суретін орындау қажет. Жұмыста композицияны, заттардың пропорциясын, пішінін, перспективаны, жарық пен көлеңкені, көлемді дұрыс бере отырып, ұқыптылық пен көркемдік мәнерлілікті сақтау талап етіледі.
Материалдар: А3 форматты қағаз, қайралған графит қарындаштар, жұмсақ өшіргіш (өшіргіш)
№ 2 шығармашылық емтихан: Композиция
Тапсырма: I-нұсқа
1. "Қобыз"тақырыбындағы бейнелі – ассоциативті композиция
2. Қазақ ою-өрнегі элементтері бар әйелдер сыртқы киімі.
3. "Авангард" тақырыбындағы жастар костюмі
4. Ерлер костюмі / спорттық стиль/
5. "Жыл мезгілдері-қыс" тақырыбындағы костюмнің ассоциативті-бейнелі құрамы
6. "Түн" тақырыбындағы костюмнің бейнелі орындалуы
7. "Жануарлар әлемі" тақырыбындағы костюмнің ассоциативті – бейнелі құрамы.
8. "Құрақ" сәндік – қолданбалы өнер заттарының негізінде жасалған Костюм
9. Кесте элементтері бар әйелдер үйлену костюмі.
10. "Музыка" тақырыбындағы бейнелі-ассоциативті композиция
11. Кешке арналған жастар киімі/романтикалық стиль/.
12. Тарихи костюм негізінде заманауи костюм жасау
13. "Кубизм" тақырыбындағы бейнелі-ассоциативті композиция / қатты пластика.
14. Фольклор элементтері бар әйелдер мерекелік костюмі.
15. Бітіру кешіне арналған кешкі көйлек
Тапсырма: II-нұсқа
1. "Жыл мезгілдері-күз" тақырыбындағы бейнелі-ассоциативті композиция
2. "Сырмақ" сәндік-қолданбалы өнер заттарының негізінде жасалған Костюм
3. "Ою – өрнек"тақырыбындағы бейнелі-ассоциативті композиция
4. "Наурыз"тақырыбындағы бейнелі – ассоциативті композиция
5. "Өсімдіктер әлемі"тақырыбындағы бейнелі – ассоциативті композиция
6. Жастарға арналған демалыс киімдері / спорттық стиль/
7. "Шахмат" тақырыбындағы жастар костюмі
8. "Бизнес-ханым XXI" костюмі
9. "Кемер белдик"сәндік – қолданбалы өнеріне негізделген ерлер костюмі
10. "Скрипка"тақырыбындағы бейнелі – ассоциативті композиция
11. "Наурыз"мерекелік костюмі
12. "Музыкалық аспаптар"тақырыбындағы бейнелі – ассоциативті композиция
13. Қазақ ою-өрнегін қолданатын мерекелік костюм / Қошқар муйиз/
14. Бітіру кешіне арналған көйлек
15. "Эклектика" стиліндегі жастар костюмі / аралас стиль/
2 6В02102- Интерьер дизайны білім бағдарламасы бойынша шығармашылық емтихан тапсырушыларға:
№ 1 шығармашылық емтихан: Сурет
Тапсырма: Тұрмыстық заттардан құралған натюрморт
Талапкерге пішіні, өлшемі және фактурасы бойынша әртүрлі 2–4 тұрмыстық заттан құралған натюрморттың академиялық суретін орындау ұсынылады. Композицияны емтихан комиссиясы белгілейді және қарапайым және орташа күрделілік деңгейіндегі заттарды қамтиды (мысалы: құмыра, кесе, кітап, мата, қорап, ваза және т.б.).
Материалдар: А3 форматтағы қағаз, ұшталған графит қарындаштар, жұмсақ өшіргіш (ластик).
№ 2 шығармашылық емтихан: Сызу
Тапсырма: Берілген тапсырма бойынша графикалық жұмыс орындау
Талапкерге техникалық және архитектуралық сызу негіздері бойынша білімін, сондай-ақ кеңістіктік ойлау деңгейін тексеруге бағытталған графикалық жұмысты орындау ұсынылады. Жұмыс емтихан регламентінде белгіленген уақыт ішінде, сызу құралдарын пайдалана отырып, белгіленген форматтағы парақта орындалады.
Материалдар: А3 форматтағы қағаз, ұшталған графит қарындаштар, жұмсақ өшіргіш (ластик), сызғыштар.