«Баскетбол ойынының техникасын жетілдіру» ашық сабақ

23.04.2025 ж. "Дене шынықтыру және спорт" факультетінің, "Дене шынықтыру" кафедрасының оқытушысы Ахметов Мадияр Куанышбекович жетекшілігімен Баскетболды оқыту пәнінен 3 курстың 6В01401 – Дене шынықтыруды оқытудың теориясы мен әдістемесі білім беру бағдарламасының білім алушыларына «Баскетбол ойынының техникасын жетілдіру» тақырыбында ашық сабағы болып өтті. 
Сабақтың мақсаты - баскетбол ойынының негізгі техника элементтерін (допты алып жүру, беру, лақтыру, тосқауыл жасау, қорғау) теориялық және тәжірибелік түрде меңгерту. Студенттер өздерінің шеберліктерін шыңдап қана қоймай, командалық ойын ережелерін сақтай отырып, бірлесіп жұмыс істеу дағдыларын көрсетті. 
 

Оқиға категориялары