ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Оқу ордамыздың аға оқытушысы,филология ғылымдарының кандидаты - Абенова Ләззат Усманқызының «Қазақ әдебиеті тарихы» атты кітабы баспадан шықты.

Оқулық студенттеріміздің ізденісінде кәдеге жарап, білімін арттыруына тілектестік білдіреміз.
 

Тарихи тағылымды кеш

«ТАРИХИ ТҰЛҒА - ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ» атты тарихи тағылымды кеші өтті.

Шараға Ж.Ташенов атындағы университеттің «Тілдер және әдебиет» кафедрасының меңгерушісі ф,ғ,к, доцент - Зылиха Тұрарқызы мен филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы - Болат Қалыбеков, университетіміздің филология факультеті студенттері мен оқушылар қатысты.

Тарихи тағылымға толы кеште тарих, ұлттық рух туралы баяндалып, тақырыпқа сай көрініс пен көркем сөз ұсынылды.
 

БОЛАШАҚ ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА

Жұмабек Тәшенев атындағы университеті ҚР ӨЭМҚБ «Дустлик» қауымдастығы, Өзбекстан мемлекеттік хореография академиясы, А.Науаи атындағы Ташкент мемлекеттік өзбек тілі мен әдебиеті университеті, Әндіжан мемлекеттік педагогикалық институтымен бірлесе жалпы білім беретін мекемелердің бітірушілер сынып оқушылары арасында «ТАЛАНТТЫ ЖАСТАР» Халықаралық шығармашылық байқаудың қорытындысын жариялап, қазақстандық жеңімпаз жастар мен ұстаздарын, мекеме директорлары марапатталды.

Семинар-тренинг

Бүгін Тәшенев университетінде «ХХІ ғасырдағы адамның және кәсіпкердің өмірін басқару» тақырыбында Дамира Ерлан ханымның семинар-тренингі өтті.

Семинарда ХХІ ғасырда кәсіпкерге керекті компетенциялары мен құзіреттілігін арттыру мақсатында қажетті қабілеттерді дамыту бағыттары талқыланды.
 

Жастар тәрбиесіндегі тың өзгерістер

Бүгін «Ontustik» телеарнасының «Түскі уақыт» бағдарламасының тікелей эфирінде «ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ ЖАСТАР ТӘРБИЕСІНДЕГІ ТЫҢ ӨЗГЕРІСТЕР» тақырыбы талқыланды. 

Ұлттық бірыңғай тестілеу

Бүгін университетімізде өтіп жатқан электрондық форматтағы Ұлттық бірыңғай тестілеуді бақылау мақсатында ҚР Ұлттық тестілеу орталығының директоры - Емелбаев Руслан Тохтарбекұлы арнайы келіп, жұмыс барысымен танысты. 
Елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға 136 мың түлек өтініш білдірсе, оның 3 мыңға жуығы Жұмабек Тәшенев атындағы университетінде тапсыруда. 
Айта кетейік, қаламызда алтын белгіге 499 үміткер, 9-11 сынып бітірушілерінен 2000-ға жуық үздік аттестатка үміткер бар. 
 

Оқиға категориялары