ДИПЛОМ ТАБЫСТАУ
TASHENEV UNIVERSITY – ДИПЛОМ ТАБЫСТАУ САЛТАНАТТЫ ШАРАСЫ ӨТТІ
Қабылдау комиссиясы өз жұмысын бастады
Қаламыздың қақ ортасында орналасқан Жұмабек Тәшенев университетінің қабылдау комиссиясы өз жұмысын бастады.
Қабылдау төмендегі жоспар бойынша кезеңімен жүзеге асырылмақ.
Инклюзивті білім беру моделі
03.06.2024-13.06.2024 күндер аралығында Түркістан каласында Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан "Инклюзивті білім беру моделі" такырыбында 72 сағаттық оқыту курсы ұйымдастырылған болатын. Осы курсқа Ж.А. Ташенев университетінің «Бастауыш білім және өнер» факультетінің оқытушылары қатысты.
ТӘШЕНЕВТЕ ТЫҢ БАСТАМАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
2024 жылдың 13 маусымында Жұмабек Тәшенев университетінде білім алушыларға тәулік бойына қызмет көрсететін “COWORKING” орталығы ашылды.
Жастардың игілігіне орай ашылып отырған аталмыш орталықта білім алушыларға арналған соңғы үлгідегі заманауи 150 компьютер интернет желісіне қосылып, білім алуға қажетті бірнеше бағдарламалар орнатылған. Сонымен қатар, студенттердің пікір алмасу залы, демалыс аймағы, мүмкіндігі шектеулі білім алушыларға арналған компьютерлік бұрыштар, тігін цехы, ақпараттық ресурстық орталығы шоғырланған.
Ж.А. Тәшенев атындағы университетінде инновациялық зертханалар жабдықталды
30 білім беру бағдарламаларын кеңінен тарату мақсатында Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университетінің «Педагогикалық және жаратылыстану ғылымдары» факультетіндеорналасқан зертханалар жаңа құралдармен жабдықталды.2024 жылдың 12 маусымда инновациялық зертханалардың жұмыс барысымен Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Г.С. Жарасова және Департамент маманы Р.
Құрметті магистратураға түсушілер!
Сіздерге 2024 жылғы 1 маусым мен 8 шілде аралығында www.app.testcenter.kz сайтында магистратураға түсуге арналған КЕШЕНДІ ТЕСТІЛЕУГЕ ӨТІНІШТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ жүргізілетінін хабарлаймыз.
Кешенді тестілеудің өзі 20 шілде мен 10 тамыз аралығында өтеді.
Тіркелу барысында сіз тестілеудің ОРНЫН (қаланы) өзіңіз таңдайсыз.
Тестілеу ОРНЫ мен УАҚЫТЫ туралы ақпарат 13 шілде түсушінің Жеке кабинетінде қолжетімді болады.
«ТӘШЕНЕВТІ» ТАҢДАҒАН ТАЛАПКЕР ГРАНТ ИЕГЕРІ БОЛА АЛАДЫ
Мектеп бітіруші жас түлектер үшін маусым-шілде айлары жоғары оқу орнына оқуға құжат тапсырып, үлкен өмірге аяқ басатын қызығы мен шыжығы мол кезең деуге болады. Мамыр айынан бастап Ұлттық бірыңғай тестілеуде бағы сыналып жатқан бүлдіршіндерді еліміздің жарқын болашағы деп танимыз.
Биылғы жылы мемлекет тарапынан 2024-2025 оқу жылына жоғары білім берудің барлық деңгейлері бойынша жоғары оқу орындарында оқу үшін 93 мыңға жуық мемлекеттік білім беру гранты бөлінді.
«Жасанды интеллект» оқыту курсы
2024 жылдың 27 мамырында университетімізде оқытушыларға арналған жасанды интеллект бойынша бірегей курс аяқталды. Курстың мақсаты мұғалімдерді озық АИ технологиялары мен құралдарымен таныстырып қана қоймай, оларды оқу үдерісінде тиімді қолдану жолдарын үйрету болды.
Презентацияларды қорғау
Курстың шарықтау шегі «Оқу процесінде жасанды интеллектті қалай қолданамын?» тақырыбында баяндамаларды қорғау болды. Мұғалімдер жобаларын көрсетіп, ашқан жаңалықтарымен бөлісті және АИ енгізу олардың оқытуға деген көзқарасын қалай өзгерткенін түсіндірді.
Хабарландыру
2024 жылдың 5 маусымында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан жоғары білім берудің 2024-2025 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру грантына қатысатын отандық жоғары оқу орындарының тізімінің жобасы жарияланды. Аталмыш тізімге кірген Жұмабек Тәшенев атындағы университет барлық білім беру бағдарламалары негізінде бакалавриат және магистратура бағыттары бойынша гранттық конкурсқа қатысады.
Толығырақ мәліметті testcenter.kz сайтынан ала аласыздар.