Танабаев Ғалымжан Өміртайұлы

Ғылыми және академиялық дәрежесі: филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы 
Кәсіби біліктілігі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, филолог
Жүргізетін пәндері: «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы», «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы», «Фразеологиялық семантика»
Академиялық тәжірибе: 
1992-1994 жж. – ОҚО Төлеби ауданындағы Абай орта мектебі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
1994-1997 жж. – Қ.Ясауи атындағы ХҚТУ аспирантурасының күндізгі бөлімінің аспиранты

Кәсіби практика байланысты конференция

Ж.А.Ташенев атындағы университет Филология факультетінің 6В01701- Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау ББ бойынша ФИ 21-1к тобының білім алушылары кәсіби практикаға бару  мақсатында конференция ұйымдастырды. Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының  ф.ғ.к., доценті А. А.Мамыт кәсіби практиканың мақсаты мен міндеттері жайлы түсіндіріп өтті. Кафедраның меңгерушісі ф.ғ.к.,доценті З.Т. Жантасова студенттерге сәттілік тілей отырып, кафедраның профессор- оқытушыларымен үнемі байланыста болуын ескертті.

Құттықтаймыз!

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!
Сіздерді бүгінгі алғаш рет аталып өткелі жатқан «1 қазан – Қазақстан Республикасының Жоғары білім қызметкерлер күні» кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Жоғары білім саласы – ел ғылымы мен білімінің қарқынды түрде дамуына айрықша әсер ететін қозғаушы күш. Бұл ретте жоғары оқу орындары қызметкерлерінің кәсіби мерекесін атап өту - білім беру ортасын қалыптастырудағы, ғылымды дамытудағы маңыздылығын айшықтап, жоғары білім беру саласындағы мамандардың беделін көтеруде ықпалды рөл атқармақ.

Білім беру бағдарламасы мен оқу жоспарына талдау

28.08.2024 жылы 2024-2025 оқу жылына «Педагогика және бастауышты оқытудың әдістемесі» кафедрасының алғашқы мәжілісі өтті. Мәжіліске профессор-оқытушылар құрамы, жұмыс берушілер, Г.У. Бакирова, Алпамыс батыр атындағы №40 мектеп гимназиясының директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары. Ж.П. Сарсенбаева, А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясының директоры, А.Ж. Бимырзаева,  №52 мектеп-лицейінің директоры, 6B01302 – Бастауыш білім беру (IP) БББ білім алушысы Б.О.

Өзбекстанның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті Елшісі Тәшенев университетімен танысты

Тәшенев университеті заманауи, сапалы, даму қарқындылығымен ғана емес Халықаралық деңгейдегі үлкен жектістіктерімен ерекшеленеді. 
Бүгінде университетімізге арнайы қызығушылықпен, ұсыныстарымен Өзбекстан мемлекетінің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті Елшісі – Бахтиер Баходирұлы Ибрагимов бастаған бір топ делегация келді. 
Елшілік өкілдері алдымен Университет ректоры Қанат Сейтжанұлы Байболовтың қабылдауында болып, қаламыздың, университетіміздің тыныс-тіршілігімен танысты.
Кездесу соңы студент жастармен еркін форматтағы әңгімелесулермен аяқталды.
 

«Үстел теннисі» факультет ішілік жарыс

2024 жылы 27 қыркүйек күні, «Спорт және дене шынықтыру»  факультетіне қарасты 6В01401 – Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламсының студенттері арасында «Үстел теннисі» бойынша  факультет ішілік жарыс ұйымдастырылды. 
Жарыс білім алушылардың арасынада бұқаралық спортты насихаттау мақсатында өткізілуде. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталады.
 

ЖАҢА ҒИМАРАТ – ЖАҢА МҮМКІНДІК

Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университеттің Ғылыми кеңесі 2024 жылдың 25 қыркүйегіне жоспарланған кезекті мәжілісін Желтоқсан көшесінің орталығында бой түзеген жаңа ғимаратта - елімізге танымал жазушы, қайраткер Мархабат Байғұт есімі берілген студенттер орталығы орналасқан ақ шаңқай Ақ үйдің конференц залында өткізді.      

Обучение в течение всей жизни – новые возможности для казахстанцев!

Современное образование претерпевает революционные перемены, отражающие потребности общества сегодня. Новые технологии, глобализация и изменение приоритетов в мире и на рынке труда неизбежно влияют на то, как мы учимся и чему мы учимся. Однажды закончив университет и получив диплом, люди уже не останавливаются на достигнутом, а стремятся к постоянному обучению в течение всей жизни. Этот тренд особенно актуален для Казахстана, где развивается экономика, основанная на знаниях, и где спрос на квалифицированных специалистов постоянно растет.

Оқиға категориялары