Университеттің 30 профессор-оқытушысы онлайн форматта біліктілігін арттырды

2020 жылдың 02-16 желтоқсан күндері аралығында Оқу-әдістемелік басқарма және Білім беру және ақпараттық жаңашыл технологиялардың ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен оқытылатын пәндердің бейініне сәйкес 72 сағат көлемінде 30 профессор-оқытушы онлайн форматта біліктілігін арттырды.

Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтау

Құрметті университет ұжымы мен студент-жастар!

 
Халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздігіне ие болғанымызға биыл 29 жыл толып отыр. Осындай мерейлі шақта еліміздің гүлденіп-көркеюі жолында аянбай еңбек етіп жүрген «Сырдария» университетінің ұжымын Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! 

Бұл мереке шын мәнінде біздің еліміздің еркіндігі мен қуаттылығының, қоғамдағы әрбір азаматтың жеткен жетістіктерінің символы іспетті.

Университет кітапханасы жаңа оқулықтарымен толықтырылды

Университет кітапханасы Ұлттық аударма бюросы жіберген 100 жаңа оқулықтың 4 кезеңі бойынша аударылған бағалы кітаптармен толықтырылды. 

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының негізінде қоғамдық және гуманитарлық ғылымдарды дамыту бойынша «Жаңа гуманитарлық білім. 

"Тәуелсіздік - ел мұраты, бабалар аманаты"

"ТӘУЕЛСІЗДІК - ЕЛ МҰРАТЫ, БАБАЛАР АМАНАТЫ" атты мерекелік Online іс-шара. 

Өтетін күні: 15-ші желтоқсан 2020 жыл.

Сағат: 15:00-де

Онлайн кездесу Zoom бағдарламасымен өтеді.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ тілінде

Ұйымдастырушы: "Филология және гуманитарлық білім" факультеті
 

Баланың психологиялық денсаулығы және отбасындағы қарым-қатынас online семинар

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕК ЖӘНЕ ИНКЛЮЗИВТІ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ 

Психологиялық көмек және инклюзивті қолдау орталығы сіздерді 2020 жылдың 15 желтоқсанында сағат 12:00-де өтетін онлайн-семинарға шақырады.

«ОТБАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЖӘНЕ БАЛА ТӘРБИЕСІ» ОНЛАЙН СЕМИНАР

Онлайн кездесу Zoom бағдарламасымен өтеді.

Идентификатор: 772 386 9408

Пароль: 9090
 

"Цифрлық сауаттылық" оқытушыларға арналған оқыту курсының 2-ші ағымы аяқталды

30 қарашадан 11 желтоқсанға дейін цифрлық сауаттылық курсының екінші ағымы басталды.

Курс университеттің профессор-оқытушылар құрамына бағытталған және 72 сағаттық оқудан тұрады.

Оқытудың екінші ағымына екі кафедраның оқытушылары шақырылады: «Отан және шетел тарихы» және «Қазақ тілі мен әдебиеті».

Курс тыңдаушылары ақпараттық технологиялар саласындағы білімдерін бекітті, сонымен қатар олар оқу іс-әрекетін жүзеге асыруға қажет жаңа білімдер алды.

Диплом жұмысының құрылымы мен рәсімделуі

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫНЫҢ (ЖОБАСЫНЫҢ) ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН РӘСІМДЕЛУІ

бітіруші курс студенттеріне арналған ONLINE семинар


11 желтоқсан 2020 жыл

сағат 10:30

Ұйымдастырушы: Оқу-әдістемелік басқарма

10:30 - "Филология және гуманитарлық білім" факультеті

"АБАЙ МҰРАЖАЙЫНА ВИРТУАЛДЫ САЯХАТ"

«АБАЙ МҰРАЖАЙЫНА ВИРТУАЛДЫ САЯХАТ»

10 желтоқсан 2020ж. сағат 15:00-де

Сіздерді, Ұлы Даланың көрнекті ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы аясында өтетін шараға қатысуға шақырамыз!

Құрметті әріптестер, киелі мекен Семейдегі Абайдың қорық-мұражайын бірге тамашалайық, Абай жылын қорытындылаймыз.

Бөрі Исаның шығармаларынан онлайн концерт

Құрметті көрермендер!

Сіздерді 11 желтоқсан күні сағат 15:00-де тікелей эфирде өтетін  ҚР мәдениет қайраткері, профессор, ҚР композиторлар одағының мүшесі, «Сырдария» университеті жанынан құрылған «Жетісай сазы» ұлт  аспаптар оркестірінің жетекшісі Бөрі Исаның шығармаларынан онлайн концертті тамашалауға шақырамыз!
 

Кеңсе

«Сырдария» университетінің Кеңсе меңгерушісі қызметкер санатына жатады. 

Кеңсе бөлімі университетке келіп түскен барлық іс-құжаттарды тіркеуге алады және университеттен шығатын іс-құжаттардың рәсімделгенін тексереді, орындалғандығын қадағалайды, сақталынуына жауап береді.

Өз қызметінде меңгеруші ҚР заңнамаларын, оның ішінде «Еңбек Кодексі”, “Білім туралы” заңдарды; университет Жарғысы, ішкі тәртіп туралы стандарт, университет ректорының бұйрығы мен өкімдерін, жұмыс орындау мәселелері бойынша нормативтік құжаттар және методикалық материалдарды басшылыққа алады.

Оқиға категориялары