Жақсылық Қуаныш
Мамандығы: Бейнелеу өнері және сызу
Тобы: БӨС-12
Мен «Сырдария» университетінің оқытушыларына өз алғысымды білдіремін.
Бізге 4 жыл ішінде оқытушылар өз білімдерімен бөлісті. Осы жоғары оқу орнынан оқытушылармен білікті маман құрметті оқытушылар ретінде құрмет тұтамын.
Білімді жоғарлатқаны үшін оқу орнына мың алғыс.
Мырзакулова Сапаркүл Талғатқызы
Мамандығы: Педагогика және психология
Тобы: ПжП-12
Мен мамандық және жоғары оқу орнын таңдауда қателескен жоқпын.
Өйткені, бұл университет мені көп нәрсеге үйретті, жақсы білім берді.
Сондықтан білім берген университет қауымына айтар тілегім – бәсекелестіктің биік шыңына көтерім берген деген келеді.
Шерахан Сәбит Нұрланұлы
Мамандығы: География
Тобы: Гео-12
Құрметті университет басшылығы, ұлағатты ұстаздар қауымы!
Тұнық білім бергендеріңіз үшін алғысым шексіз. Білім – күннің муағына жылындын, мәнгі өшпес ұлылығын ұғындым.
Студенттің игілігі үшін деп, сара жолын салып берген ғылымның жас ұрпақтың озат ойы сыналған. Дәл осында тоғысады мың арман беделі зор «Сырдария» университетінің шәкірттерін биік мыңға мығарған!
Шәкірттеріңіздің жетістіктері арқылы көркейе беріңіздер!
Шайхова Оралай Айтжанқызы
Мамандығы «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»
Тобы: ЕТ-12
Қымбатты профессор-оқытушылар! Осы жылдар бойы білім мен тәрбие беріп, үлкен өмірге дайындағандарыңызға алғысым шексіз!
Сіздердің сенімдеріңізді ақтаймыз деп үміттемін.
Жас түлектер қақты бүгін қанатын сәулелік күн жүрекке өт жағатын кім ұмытар «Сырдарияның» сыңғырын жүрегіңе мәнгі ұялап қалатын.
Қантөреев Мақсат Тыныштықұлы
Мамандығы: Информатика
Тобы: Инф-12
4 жыл бойы білім мен ғылымның мамандыққа бағытталған іргетасын қалай білген «Сырдария» университетіне алғысым шексіз.
Бүгінде университетің білім беру кеңістігі кеңейіп, маман даярлау үдерісі толықтай жаңартылған.
Инновациялық технологиялармен жабдықталған оқу ордамыз, біздің жаңашыл маман болып шығуымызға негіз болды.
Нарзиева Малика Хушвахтовна
Мамандығы: Физика
Тобы: Физ-12
Келешекте «Сырдария» университетің халықаралық дәрежедегі университеттер мен нық тіресетіндей дәрежеде көргіміз келеді.
Университет маған өз мамандығым бойынша кең және жан-жақты білім берді, әдебиетпен жұмыс істеуге және өз бетінше ойлауға үйретіп, интеллектуалды қабілеттерімді дамытты.
«Сырдария» университеті арқылы маман атандық «Сырдария» университетің мақтан тұтамын.
Боханова Мадина Нурлановна
Мамандығы: Математика
Тобы: Мат-12
«Сырдария» университеті Қазақстан Республикасының 2050 стратегиясына сәйкес бәсекеге қабілетті маман дайындауда іргелі университеттер қатарына ендіне тілектеспін.
Арипбай Мақсат Шаншарханұлы
Мамандығы: Математика
Тобы: Мат-12
«Сырдария» университетінде 4 жыл білім алдық. Білім алуына ұстаздарына үлкен алғыс білдірем, мені осындай дәрежеге көтеріп білім нәрімен сусындандырған.
Ұстаздарыма білімі үшін өте ризамын, олар біздің білімімізді жоғары деңгейге көтеріп, мол білімді бойымызға сіңірді. Мұғалімдер бізді әрқашан қолдап, өмірде және кәсібімізде көмектесетін тәжірибелерімен және білімдерімен бөлісті.
Мен «Сырдария» университетінде оқығаныма мақтанамын!
Дабылова Ұлбөбек Сабырәліқызы
Маманды: Биология
Тобы: 12жғ
Еліміздің өркендеуіне өз үлесін қосып келе жатқан осы ЖОО-да оқығаныма еш өкінбеймін.
Өткені тобыма 4 жыл басшы болдым және міне қызылға бітіргелі жатырмын. Бізге жетекші болған Абдукадырова Гулчехра Абдусаманқызы және де басқа ұстаздарына алғысым шексіз! Олардың жұмыстарына шығармашылық табыс тілеймін!
Қай жерде жүрсек те, қандай лауазымды келенсек те, бұл қабырғаға шәкірт болып қала беріміз және басымызды иіп келеміз!
Тұрыш Азиза Орынбайқызы
Мамандығы: Биология
Тобы: Био-12жғ
Үлкен өмірге осы «Сырдария» университетіне алғаш рет аяқ бастым. Мұғалімдердің арқасында көп жетістіктерге жеттім. Алғысым шексіз.
Тек қана үлкен белестерден, биік асулырдан көрінуіне тілектеспін.
«Сырдария» университеті ең үздік оқу орны деп санаймын.