“Орта Азияның Үздік студенті” атағы иегері – Эрметова Мадина!
- 1 view
“IT және шетел тілдері” факультетінің, “Ағылшын тілі” кафедрасының 6В01707 – Шетел тілдері (IP) білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын 1 курс Фи-24-9к1 тобының студенті Эрметова Мадина Бахадирқызы
“BILIM – ÓRKENIETI” ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы мен “ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН” республикалық инновациялық орталығы ұйымдастырған “Орталық Азияның Үздік студенті” атты республикалық байқауда жеңімпаз атанды.
Аталған марапат студенттің:
-үздік академиялық үлгерімін,
-қоғамдық белсенділігін,
-шығармашылық қабілеті мен ізденісін ескере отырып берілді.
Марапаттау рәсімінде Эрметова Мадинаға арнайы медаль, диплом және “Үздік студент” төсбелгісі табысталды.
Бұл жеңіс – білім мен табандылықтың, жаңашыл ой мен жасампаздықтың жарқын үлгісі.
Факультет ұжымы атынан Эрметова Мадина Бахадирқызын шын жүректен құттықтап, болашақтағы ғылыми, кәсіби және шығармашылық жолында табыс тілейміз!