Маңызды кездесу
- 9 views
«Қазаэронавигация» РМК өкілдері Жұмабек Ахметұлы Ташенев университетінің білім алушыларымен кездесті.
2025 жылдың 6 мамырында Университетіміздің түлектерінің жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында оқу орнымызға «Қазаэронавигация» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының өкілдері арнайы келді.
Кездесуге компания өкілдері: Нурдиллаев Шыңғыс - Әуе қозғалысын тікелей басқаруды жүзеге асыратын диспетчер, Толенгитов Мақсат - КМО инженері, Мергербаев Мадияр - КРЛ и РН технигі қатысты. Қонақтар кәсіпорынның негізгі қызмет бағыттарын, Қазақстандағы аэронавигация саласының даму перспективалары, сондай-ақ авиация және аэронавигация саласында жұмысқа орналасу үшін қажетті дағдылар мен талаптар туралы жан-жақты ақпарат ұсынды. Олар университеттің авиациялық мамандықтары болмаса да, болашақ мамандарға көптеген жұмыс орындары мен мансаптық өсу мүмкіндіктері бар екенін атап өтті.
Студенттер өндірістік тәжірибе, тағылымдамадан өту және болашақтағы мансаптық өсу мәселелері бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. «Қазаэронавигация» РМК өкілдері жас мамандарды түрлі бағыттарда қабылдау туралы ниеттерін білдіріп, олардың біліктілігін арттыруға көмектесуге дайын екендіктерін айтты.
Кездесу барысында студенттер мен қонақтар арасында белсенді пікір алмасу болды, бұл біздің жастарымыздың кәсіби даму мен жоғары деңгейдегі дайындыққа деген ұмтылысын көрсетеді.
«Қазаэронавигация» РМК өкілдеріне шынайы алғысымызды білдіре отырып, болашақта да осы бағыттағы тиімді ынтымақтастық жалғасатынына сенім білдіреміз.