ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМ
- 7 views
ТҮРКІСТАНДА МАРХАБАТ БАЙҒҰТТЫҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМ ӨТТІ
Түркістан қаласында көрнекті жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Мархабат Байғұттың 80 жылдығына арналған «Мақамы бөлек Мархабат Байғұт» атты халықаралық симпозиум жоғары деңгейде өтті.
Іс-шараға еліміздің түкпір-түкпірінен және шетелдерден белгілі әдебиеттанушылар, жазушылар, қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Симпозиум аясында жазушының шығармашылығы мен қоғамдық қызметіне арналған мазмұнды баяндамалар жасалып, рухани-мәдени шаралар өткізілді.
Симпозиумға «Жұмабек Тәшенев Университеті» АҚ басқарма төрағасы, академик Оңалбай Аяшев арнайы қатысып, жазушының шығармашылығының ұлт руханиятындағы маңызына ерекше тоқталды:
«Мархабат Байғұт – ұлттық мүддені ту еткен, шындық пен адамгершілік құндылықтарын көркем сөзбен өрнектеген қайраткер қаламгер. Оның туындылары – тұтас бір дәуірдің жанды шежіресі», – деді ол өз сөзінде.
Симпозиум аясында өткен студент-жастар арасындағы республикалық шығармашылық байқауда Тәшенев университетінің студенті Тұрсынова Ақжүніс Сәкенқызы жүлделі ІІІ орын иеленіп, арнайы диплом және ақшалай сыйақымен марапатталды.
Бұл — университетіміз үшін үлкен мәртебе. Шығармашылық ізденісте жүрген жас қаламгеріміздің жетістігі — ұстаздар еңбегі мен студенттің табанды еңбегінің жемісі.