«Жас маман – болашаққа бас қадам» атты тікелей эфир
- 1 view
2025 жылдың 13 мамырында Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университетінде студенттер мен жас түлектерге арналған «Жас маман – болашаққа бас қадам» атты тікелей эфир өтті. Іс-шараның мақсаты – заманауи еңбек нарығының талаптарына сай келетін білікті, жаңашыл және цифрлық сауатты жас мамандарды қалыптастыру.
Эфир спикерлері:
- Оспанханова Жаннат Бақытжановна – Шымкент қаласы әкімдігі Еңбек мобильдігі орталығының Қаратау ауданы бойынша мансап орталығының басшысы;
- Халикова Роза Орынбасаровна – Ж. Тәшенев университетінің Мансап және жұмысқа орналастыру орталығының басшысы.
Тікелей эфир барысында спикерлер жұмысқа орналасу жолдары, мансапты дұрыс жоспарлау және еңбек нарығындағы жаңа мүмкіндіктер туралы маңызды ақпараттармен бөлісті. Сондай-ақ, жас маман ретінде болашақты қалай дұрыс бағыттауға болатыны жөнінде кеңестер берілді. Бітіруші курс студенттері өздерін қызықтырған түрлі сұрақтарға жауап алды. Оспанханова Жаннат Бақытжановна бірнеше мемлекеттік бағдарламалармен таныстырып, олардың мүмкіндіктері мен артықшылықтарын түсіндірді.
Бұл тікелей эфир студенттер мен түлектерге кәсіби бағдар беріп, еңбек нарығында өз орнын табуға бағытталған маңызды іс-шара болды.